Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Қазақтың салт-дәстүрлері де 40 санымен тығыз байланысты. Мәселен, «баланы қырқынан шығару» «қайтқан адамның қырқын беру», «қызға қырық үйден тыйым», «әйел қырық жанды», деп жазды.
— 40-қа толған адам Алланың жолына түсіп, тәубеге келмесе, шайтан басынан сипап кетеді дейді. Мынау менікі деп. Оны кейін біліп жатырмыз. Сосын, үзірлік бітеді дейді.
40 жасына байланысты түскен сүрелер бар. Тәпсірлері бар. Оны тағы ұзақ болып кетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с)-ға пайғамбарлық 40 жасында келгені де бекер емес.
40 деген көп символдық сан бар. Исламда 40 жаста адам аяққа нық тұрған адам болып есептеледі. Яғни, 40 жасында Отанының алдында, отбасының алдында, өзінің алдындағы жауапкершілікті алатын жас. Егер ол жауапкершілікті ала алмаса, онда ол бітті. Ол жәй ғана жақсы өмір сүреді, Құдай оны өлтірмейді. Ризығын беріп қояды. Ғылымда, бизнесте жақсы дәрежедегі адам болуы мүмкін. Бірақ, 40- тан кейін, ол негізгі мәселе Құдаймен байланысын жалғауы өте қиын болады, дейді.
«Аллаһ Тағала Құранда қырық жас туралы айтқан Ахқаф сүресі 15-ші аят. Осы жаста адам Аллаға шүкір етіп тәубеге келуі тиіс.», «Мына кісіде қуғынбай екен», «Менде қырықтан соң тоқтап дінге келдім құран жаттап», деп оқырмандары түрлі пікірлерін білдірді.