Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші тедежүргізуші Дина Төлепбергеннің сауалдарына жауап берген.
«Сүтпен шай немесе сүтсіз шай?» деген тележүргізушінің сауалдарына әнші: «Сүтсіз шай» деп жауап берген. Сол сияқты «Алматы немесе Қарағанды, қай жер ыстық» деген сауалдарға: «Алматы, Қарағанды туған жерім, ауылда туғанмын», — деген әнші.
Cонымен бірге журналистің: «Бойыңызда не көп, өнер әлде нәзіктік» деген сауалына: «Өнер көп. Нәзіктікті ұмытып кеттік қой қазір. Ерке емес, еркек қыз болып кеттік қой» деп жауап берді әнші.
Көпшілік әншінің шынайы жауаптарына риза болған. Олар: «Өте ашық, шынайы жауап берген, қазақтың ерке қызы болып жүре беріңіз», «Дұрыс болған, қандай әп-әдемі жауаптар», «Мақпал апай, аман жүріңіз» деген тілектерін жаудырып жатыр.