Көрсетілімге Қызылорда қаласындағы Макаренко атындағы №1 жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері, тұрмыстары төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар шақырылды. Бұл шараны «Қазақстан Республикасы жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлер одағы», «Қызылорда облыстық Чернобыль ардагерлері», «Ару ана», «Невада-Семей-Қызылорда», «Батыр Ана» қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырды.
Фильм көрермендерге қатты әсер етті. Көпшілік сонымен бірге оның батыстық атыс-шабыс рухында түсірілгеніне де байқады.