Түркістан облысында елдегі конституциялық құрылымды құлатпақ болған діни-экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында елдегі конституциялық құрылымды құлатпақ болған діни-экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды

Түркістан облысында елдегі конституциялық құрылымды құлатпақ болған діни-экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Кентау қаласында “Хизб-ут-Тахрир” діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын жойды.

  • 4 Қараша
  • 7
Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізуге бағытталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды.

Топ мүшелері “Хизб-ут-Тахрир” шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған.

Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.