"Ертең өзіне қол жұмсаса не істейсіңдер": Айгүл Орынбек блогер Сабина Мовлаеваны ақтап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ертең өзіне қол жұмсаса не істейсіңдер": Айгүл Орынбек блогер Сабина Мовлаеваны ақтап шықты

"Ертең өзіне қол жұмсаса не істейсіңдер": Айгүл Орынбек блогер Сабина Мовлаеваны ақтап шықты

Жақында белгісіз біреулер блогер Сабина Мовлаеваны айыптап, ұятсыз видео түсірді деп жариялаған еді.

  • 4 Қараша
  • 411
Фото - Caravan.kz

Блогер өзі емес екенін айтып, қанша ақталғанымен оған жағымсыз пікірлер жазатындардың саны азаймай тұр.

Заңгер Айгүл Орынбек блогерді қорғап, ол туралы жазба қалдырды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Оңбаған, надан қатыгез қоғам!

Қыздарыңды жылатып оңбайсыңдар, ертең өзіне қол жұмсаса не істейсіңдер?!

Өсек пен төсектен аса алмайтын сорлы надандар!

Тоқтасаңдаршы болды ғой, пікір жазып отырғандардың бәрі еркек!

Еркек деген аттан садаға кеткірлер!

Сабина бір аптадан бері ақталып , ол видеода да өзі емес екенін айтып жылап отыр.

Адамның өзіне сенбейтін қандай қоғам болып бара жатырмыз?!

Қайда біздің буллингпен күрескіш пагондағылар?

Бізде мына заңсыздықтарға нүкте қоятын біреу бар ма?

Сабина көтер басты, ел алдында жүрген соң аяқтан шалу болады!

Сені қорлаған скриншоттарды жібер, біртіндеп тұрып арыз жазып, жазасын береміз!

Бұл қоғамда санасы төмен, ұятсыз надандар көп өкінішке орай!

Өз қыздарын бағаламайтын, қыздардың жарқырап жүргенін көре алмайтын шіріген сорлылар», — деп жазды заңгер.