Балалар қараңғыда сабақтан шығады: Уақыт белдеуі мектепке қалай әсер етіп жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар қараңғыда сабақтан шығады: Уақыт белдеуі мектепке қалай әсер етіп жатыр?

Балалар қараңғыда сабақтан шығады: Уақыт белдеуі мектепке қалай әсер етіп жатыр?

Уақыт белдеуінің өзгеруі балалардың сабағына қалай әсер етіп жатыр? Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді

  • 6 Қараша
  • 19
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Уақыт белдеуінің ауысуы қаншалықты кері, тиімсіз екені жайлы толық шешім айтуға әлі ерте. Себебі бұл тиісті зерттеулерді қажет етеді. Бүгінде оқу уақытын белгілеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Демек бұл білім басқармалары уақытты ыңғайлы кезеңге қою жайлы шешім қабылдай алады. Барлық аймақтың басшыларымен үнемі байланыстамын, — деді министр.

Бейсембаев атағандай, бұл мәселе батысқа қарағанда шығыста жиі көтеріліп жүр.

Бірақ шығыс өңірдегі әріптестеріммен хабарласқанда әзірге жаппай шағымның туындамағанын айтып отыр. Осы мәселеде балалардың қауіпсіздігіне кері әсер ететін жағдайлардың туындамауын жеке бақылауда ұстауды естеріне салып отырмын, — деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Мәжіліс кулуарында.

Министр әлеуметтік желілерде оқушылардың сабақтан кеш шыққаны туралы кейбір видеолар фейк екенін атап өтті.

Нақты санмен айтатын болсақ, оның көбісі кейде фейк екенін де көріп отырмыз. Барлық ақпаратты қарап отырмын. Нақты осы мәселе бойынша маған бір ата-ана хабарласып, елдімекенін айтты. Сол елдімекенге байланысты шешім қабылдауды тапсырдым. Біз әрбір мәселені бүкіл Қазақстанда болып жатыр деп айтудан аулақпыз, — деп айтты Ғани Бейсембаев.