Оралдағы балаларды оңалту орталығының ата-аналары: «Қамқорлық» біз үшін үлкен үміт пен зор мүмкіндік болды» - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдағы балаларды оңалту орталығының ата-аналары: «Қамқорлық» біз үшін үлкен үміт пен зор мүмкіндік болды»

Оралдағы балаларды оңалту орталығының ата-аналары: «Қамқорлық» біз үшін үлкен үміт пен зор мүмкіндік болды»

«Қамқорлық» балаларды оңалту орталықтарын ашу жобасын іске асыру - Нұрсұлтан Назарбаев Қорының маңызды міндетінің бірі.

  • 7 Қараша
  • 7
ФОТО: fnn.kz

Қордың және «Қамқорлық» корпоративтік қорының өкілдері Оралдағы балаларды оңалту орталығына, ерте араласу орталығына, сондай-ақ мектептер жанындағы инклюзия кабинеттеріне (Подстепное ауылында) барды.

Айта кетейік, елдегі барлық орталық «Қамқорлық» КҚ бастамасымен, «Samruk-Kazyna Trust», «Қазақстан халқына» қоры және аймақтық әкімдіктердің қолдауымен ашылып жатыр.

Бұл орталықтарға церебральды сал ауруы, туа біткен ми және жұлын ақауы, нейроинфекция салдары, аутизм және басқа да ауруымен ауыратын балалар келеді. Мұнда заманауи жабдықтар қойылған, ал қызметкерлер үнемі біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Онда логопед, дефектолог, невролог, ЕДШ нұсқаушылары және т.б. мамандар жұмыс істейді.

«Қамқорлық» жобасы оң нәтиже көрсетіп келеді.

2020 жылдан бері 17 оңалту орталығы 38 370 баланы қабылдады, олардың ішінде мамандардың еңбегі арқасында 2884 бала жүре бастады, 4183 бала сөйлей бастады.

17 ерте араласу орталығына 12 812 бала қабылданып, олардың 1521-і жүре бастаса, 1556-сы сөйлеуді үйренді.

Мектептерде ашылған 16 инклюзия кабинеті арқылы 182 бала мектепке біріктірілді.

Көптеген ата-ана үшін «Қамқорлық» орталықтары балаларының толыққанды өмір сүре алады деген үкілі үмітіне айналды.

Балалардың орталықтардағы жетістіктеріне шексіз қуаныштымыз.

Бүлдіршіндерге мықты денсаулық пен жан-жақты дамуды тілейміз.