"Даусы жұмаққа жетелейді": Димаш Құдайберген Париж төрінде өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Даусы жұмаққа жетелейді": Димаш Құдайберген Париж төрінде өнер көрсетті

"Даусы жұмаққа жетелейді": Димаш Құдайберген Париж төрінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Елисей сарайында өнер көрсетіп, көпшілікті тәнтті етті.

  • 7 Қараша
  • 10
Фото: видеодан алынған

Елисей сарайында қос Президенттің алдында орындаған екі әнін мемлекеттік қабылдауға жиналған жұртшылық өте жылы қабылдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Париж төрінде өнер көрсеткен біздің жұлдызымыздың видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ықыласына бөлінді.

Парижде Әміре атамыздан кейін екінші рет дүр сілкіндірген Димаштың өнеріне барлығы тамсанды.

«Денем тітіркеніп кетті»,

«Бұл сендерге тойда жүріп секеңдеу емес»,

«Димаш елдің мақтанышы», — деген пікірлер жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Францияға барған қазақстандық делегацияның құрамында болып, «Қазақстан: Ұлы дала қазынасы» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Кейін кеш қонағы ретінде өзінің репертуарындағы белгілі «SOS d’un terrien en détresse» композициясын француз тілінде орындаса, қазақ тілінде қазақтың халық әні «Дайдидауды» шырқады.

Сондай-ақ композитор, ақын және әнші, Францияның экс-бірінші ханымы Карла Бруни ханым өзінің Instagram желісінде Димашқа алғысын білдіріп, қазақстандық музыканттың орындауынан алған әсерін бөлісті:

«Кешегі кеште қазақтың тамаша әншісі Димаш Құдайбергенді тыңдау бақытына ие болғаным мені шексіз бақытқа бөледі. Кейбір дауыстар бізді біздің мекендеген жер шарынан алысқа ұшырып, жұмаққа екі қадам жерге дейін жетелейді. Бар болғаныңыз үшін рақмет, Димаш! Сіздің орасан зор талантыңыз үшін, абсолютті грацияңыз үшін, ерекше дауысыңыз үшін, рақмет”, – деп жазды Францияның экс-бірінші ханымы.