"100 млн қарызға кіріп кеттім": Мереке Қалбаева қиындықтарға тап болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 492.22
  • 529.38
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"100 млн қарызға кіріп кеттім": Мереке Қалбаева қиындықтарға тап болғанын айтты

"100 млн қарызға кіріп кеттім": Мереке Қалбаева қиындықтарға тап болғанын айтты

Танымал блогер, көпке әзілкеш ретінде танылған Мереке Қалбаева 100 млн қарызға кірген күндерін еске алып, оқырмандарымен бөлісті.

  • 8 Қараша
  • 106
Instagram/Мереке Қалбаева

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Осы брендті шығарамын деп, 100 млн қарызға кіріп кеткенімді біреу білсе, біреу біле бермес. Ол кезінде жағдайым қалай болды айтайын. 4 ай бойы тек қана минуста жүрдім, алдандым… Одан сайын минусқа кірдім… Өзімді ұмыттым. Отбасыға көңіл бөлмедім. Арсенді ренжіттім. Денсаулығыма қарамадым.

Ойымның бәрі тек қарыз. Өзімді өздігімді ұмыттым. Денсаулығымда неше түрлі проблемалар пайда болды…

Әйтеуір үйтіп-бүйтіп, мына «мал» болып жүрген состояниемнен шығып жатырмын, достар! Енді 100 млн-нан тек 15 млн қалды. Бұйырса одан да қолымдағы товарды өткізіп құтыламын», — деп жазды блогер.