Ақтауда телефонды дымқыл майлық қорабына салып, тергеу изоляторына өткізбек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда телефонды дымқыл майлық қорабына салып, тергеу изоляторына өткізбек болған

Ақтауда телефонды дымқыл майлық қорабына салып, тергеу изоляторына өткізбек болған

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті тіркелді.

  • 10 Қараша
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл заттар қамауда отырған азаматтардың біріне арналған болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қамаудағы азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері NOTHING маркалы смартфон мен екі SIM-картаны анықтап, тәркіледі.

«Смартфон дымқыл майлықтардың қорабына жасырылған болатын. Тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Осы дерек бойынша материалдар Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды».Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі