"Толық шешініп видеоға түсу оңай болмады": Танымал актриса желіде тараған интим видео туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Толық шешініп видеоға түсу оңай болмады": Танымал актриса желіде тараған интим видео туралы бар шындықты айтты

"Толық шешініп видеоға түсу оңай болмады": Танымал актриса желіде тараған интим видео туралы бар шындықты айтты

Танымал блогер, актриса Сабина Мовлаеваға ұқсас қыздың интим видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

  • 11 Қараша
  • 340
Фото: Сабина Мовлаеваның Instagram парашасынан алынды

Блогер Talk Like бағдарламасына берген сұхбатында ол видеоға мүлде қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Маған таңғы 6-да сол видеоны екі адам бір жіберді. Басында мына қыз маған ұқсайды екен деп таң қалдым, бірақ мән бермедім. Кейін әлеуметтік желілерге қатты тарады. Маған бәрі қайта-қайта жіберді. Тіпті құрбымның құрбысы хабарласып, Сабина видеода сен болсаң да ештеңе етпейді. Ол нәрсемен бәрі айналысады ғой деп айтты. Ия, ол нәрсемен бәрі айналысатыны түсінікті. Бірақ, ол видеода мен емес. Сол үшін маған екі есе ауыр тиіп жатыр деп жауап бердім. Егер, сол видеода мен болсам, не боларын елестете алмаймын. Жоқ болып кететін шығармын. Себебі, мен ажырасқаннан кейін абыройыммен күресіп келе жатқан адаммын. Мен болашақта тұрмысқа шыққым келеді. Осы оқиғадан кейін тұрмысқа шыға аламын ба деп те ойлаймын. Негізі боянса, кірпік жабыстырса қыздардың бәрі бірдей ғой. Осыдан екі күн бұрын экспертиза өттім. Экспертиза деген ауыр нәрсе. Дәл видеодағы қыз сияқты толық шешіндіріп видеоға түсіреді. Әйел адамдар түсірді. Соның өзінде маған ауыр тиді. Мен оларға да видеоны таратып жібермеңіздер деп айттым. Бүгін экспертизаның жауабы шықты, ол мен емес екенмін. Видеодағы қыз да табылды. Ол порноактриса емес, қазақтың қарапайым қызы екен. Эскортта жұмыс істейін Бота деген қыз екен», — дейді ол.

Блогер FM тобында ән айтқан кездерін де еске алды.

«FM тобында үш жыл жұмыс істедім. Шенеуніктер қатысатын жабық кештерде де ән айттық. Ол жақта жаман нәрселер болмайды. Тек әніңді айтасың, ақшаңды табасың. Күйеуге шыққан соң группадан шығып кеттім», — дейді ол.