"Ғалымдар Америкада еңбек етіп, елге керек болмай жүр": Гарвардта жұмыс істейтін қазақ жігіті елдегі тағы бір ащы шындықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ғалымдар Америкада еңбек етіп, елге керек болмай жүр": Гарвардта жұмыс істейтін қазақ жігіті елдегі тағы бір ащы шындықтың бетін ашты

"Ғалымдар Америкада еңбек етіп, елге керек болмай жүр": Гарвардта жұмыс істейтін қазақ жігіті елдегі тағы бір ащы шындықтың бетін ашты

Танымал журналист Самал Ибраева Гарвардқа қарасты институтта 12 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан қазақ жігітімен таныстырды.

  • 11 Қараша
  • 152
Instagram/Самал Ибраева

Ол өкінішке қарай елімізде дарынды жастар шетел жағалап кеткенін айтып, өкінді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Бостонда Ердос деген семейлік жігітпен танысып, сұхбат жаздық. Биолог ғалым қазір MIT мен Гарвард қарамағындағы Broad Institute-те аға ғылыми қызметкер. Машиналық оқытуды зерттейді.

Семейден мектеп бітіре сала Америкаға оқуға кетіп, осында ғылым жолына түскен. Оның өзіне 12 жыл болыпты. Таңғалғаным — бұл уақытқа дейін сұранысқа ие, үлкен зерттеу жолындағы маманға Қазақстанда жұмыс істеуге ұсыныс түспеген. Ердос Қазақстанға шақырылмаған ақылы асқан жалғыз қазақ емес. Басқа да дарынды ғалымдар осы Америкада табысты еңбек етіп, елге керек болмай жүр. «Ел маған, мен елге керек болмай қалдық қой» деп күлді Ердос.

Бірақ отбасында жұбайымен, кішкентай баласымен таза қазақша сөйлеседі. Идентификацияны сақтау, қазақтықты сақтау принциптің мәселесі екенін жеткізді.

Ал сұхбатта ел даму үшін тәуелсіз сот, адам құқығы, сенімді полиция керек, адамдар соқыр сенім, дәлелсіз догмалардан қашып ғылымға ғана арқа сүйеуі керек деді.

Қазақстанда бір күн жұмыс істемесе де қазаққа болса екен деп жүрген таланттарымызды керек ететін жүйеге келерміз деп сенем әлі», — деп жазды ол.