Айгерім Бекетаева – «Астана Опера» театрының жетекші балеринасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері және халықаралық байқаулардың лауреаты, деп хабарлайды Caravan.kz Нұрсұлтан Назарбаев Қорының мәліметіне сілтеме жасап.
Ол жиі гастрольдерге шығып, әрдайым Қазақстанды шетелде мақтанышпен таныстыратынын айтады. Сонымен қатар, барған елдерінде жерлестерімізді өте талантты және шығармашылық қабілеті жоғары деп санайтынын атап өтті.
«Мен Талдықорған қаласында дүниеге келдім. Отбасымыз өнер мен шығармашылыққа мүлде қатысы жоқ болатын. Бірақ бұл менің анамның арманы еді, және ол арманы мен арқылы жүзеге асты. 9 жасымда анам мені Алматыға, хореографиялық училищеге алып келді. Ол жерге түсемін деген нақты мақсатым болған жоқ, себебі қайда келгенімді де түсінбедім, тек айтқандарын орындадым. Ал менің фамилиямды атағанда, бәрінен қатты қуанған анам болды», – деп еске алады Айгерім Бекетаева.
«Ең алдымен – бұл өзіңе деген сенім. Жалпы өмірде қорқуға болмайды, өзіңді көрсетуің және таныта білуің қажет», – деп есептейді Айгерім Бекетаева.