Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Егер сіз сауда ойын-сауық орталықтарында ақылды көлік тұрағы жүйесін пайдаланған болсаңыз, онда сіз Әмірхан Омаровтың әйгілі қазақстандық стартапымен таныс екеніңізді ескеріңіз.
Әмірхан Омаров — Parqour брендіне иелік ететін Smart Parking Technologies компаниясының басшысы. 2021 жылы Әмірхан шет елдерде паркинг жүйесін енгізу арқылы өз бизнесін кеңейткен. Жоба АҚШ пен Еуропада masschallenge, WiseGuys, Pi Labs, Plug & Play және т. б. сияқты акселераторларға бірнеше рет іріктеуден де өткен.
Бұл 99% дәлдікпен автомобиль нөмірін танитын Қазақстандағы жалғыз және әлемдегі санаулы алгоритмдерінің бірі. Аталмыш жүйеде шлагбаумды көліктің кіруі мен шығуын тіркейтін камера басқаратындықтан қоғамды қағаз немесе пластик билеттерден арылтты.
Бағдарламалық жасақтама төлем жүйелерімен және Kaspi bank, Qiwi, Halyk Homebank және т. б. қосымшалармен біріктіруге мүмкіндік береді.
«Мен көп жылдар бойы ойланып, идея іздедім. Бүкіл әлемге Қазақстан мұнайын сатып қана қоймай, біздің еліміздегі адамдар идеяны ойлап тауып, оны жоғары халықаралық деңгейде жүзеге асыра алатынын дәлелдегім келді. Бізде білімді, ақылды адамдар көп. Ал, енді мені қозғаған амбицияларым болды. Жалпы бұл әлемге ашық болу, пайдалы жаңа нәрселерді білу маңызды», — дейді Әмірхан Омаров