Елдегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Елдегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген.

  • 14 Қараша
  • 5
Фото: Gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 3 трлн 118,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 982,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 136 млрд теңге қарастырылған.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 421 мың адам.

«2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 730 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 122 теңге, базалық зейнетақы – 42 608 теңге», — делінген министрлік жариялаған хабарламада.