Неге жастар әскерге сенбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неге жастар әскерге сенбейді

Неге жастар әскерге сенбейді

Бұл сұраққа сенат кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жауап берді

  • 14 Қараша
  • 11
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбейді деп жалпылама айтқан қате деп ойлаймын. Өйткені әр жағдайға әртүрлі қарау керек. Мысалы видеода қашып бара жатқан жігітті білмейміз ғой. Сол уақытта қызымен кездесу керек болған шығар. Мүмкін басқа да жағдайлар болып қалған шығар. Сондықтан әр жағдайға жеке қарау керек. Жалпылама жастар Қарулы күштеріне сенбейді деп айтуды қате деп санаймын, — деді ол.

БАҚ өкілдері жастарды қинап әскерге алып бару Қорғаныс министрлігінің беделіне нұқсан келтіреді деп ойламайсыз ба? деп сауалды нақтылады.

Дұрыс, келісемін. Бірақ қашып бара жатқан жас бала оны ойлап тұрған жоқ. Мүмкін таңғы 06:30 да жаттығуға шыққысы келмейтін шығар, — деді Шайх-Хасан Жазықбаев.