Үшарал әуежайында жаңа терминал салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үшарал әуежайында жаңа терминал салынады

Үшарал әуежайында жаңа терминал салынады

Үшарал әуежайында жаңа терминал салынады.

  • 17 Қараша
  • 4
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Жетісу өңірі тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, құрылыстың екі нұсқасы қарастырылып жатыр: біріншісі — ғимараттарды келу және кету аймақтарына бөле отырып, қолданыстағы терминалдың жанынан шағын терминал салу; екіншісі – бірден үлкен терминал салу.

«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін талдап, әзірлеуде. Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Сарыөзек-Көктал» жолының 45-68-шақырымдары арасында күрделі жөндеу, ал 68-110-шақырымдары арасында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Келесі жылы 0-ден 45-шақырымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісінше, жол толығымен ретке келтіріледі», — делінген хабарламада.

Жалпы ұзындығы 762 шақырым болатын «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолын қайта жаңғырту жұмыстары да 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.