Үкіметтен мәлімдеме: 8 млн адам декларациядан босатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.89
  • 525.12
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтен мәлімдеме: 8 млн адам декларациядан босатылады

Үкіметтен мәлімдеме: 8 млн адам декларациядан босатылады

 Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев декларация тапсырудан босатылатын санатты атады.

  • 19 Қараша
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанда жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылуда. Ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті, «Электрондық үкімет» веб-порталы, «e-Salyq Azamat», «eGov mobile», «Halyk», «Банк Центр кредит» және «Kaspi» мобильді қосымшалары арқылы, декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер іске қосылды. Бүгінгі таңда алғашқы үш кезеңнің нәтижесінде, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4,8 млн адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары кірді. 2025 жылдан бастап декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер азаматтардың қалған санатында туындайды. Бұл шамамен 8 миллион адам», — деді министр.

Оның атап өтуінше, жалпыға бірдей декларациялау тұжырымдамасы қабылданғаннан бері 14 жыл өтті. Осы уақыт ішінде:

— мемлекеттік органдар мен уәкілетті ұйымдардың дерекқорлары цифрландырылды;

— қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 пайызға жетті;

— қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді;

— халықаралық келісімдер (Страсбург конвенциясы, Fatsa, ТМД – 100-ден астам ел) аясында қаржы шоттары бойынша деректер алмасу жолға қойылды;

— цифрлық қызметтер кең таралды.

«Осыған байланысты, автоматтандырылған салықтық бақылау мүмкіндіктерін ескере отырып, және Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында, осы санаттағы 4 кезеңге кіретін азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырудан босату ұсынылады. Олар: жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалары. Босату рәсімі осы санаттағы жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамын қамтиды», — деді ол.

Бұл ретте Мәди Такиевтің атап өтуінше, декларациялауды келесі тұлағаларға қалдыру ұсынылады:

— мемлекеттік қызметшілер;

— коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары;

— Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері барларға және 1 жыл ішінде сатып алғандарға;

— бір жыл ішінде құны 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (74 млн. теңге) астам сатып алулар жасағандарға;

— өз бетінше салық салынатын табыс тапқандарға.

«Бұдан басқа, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілетін болады. Салықтық бақылауға келетін болсақ, жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етілетін болады. Тиісті заңнамалық түзетулер дайындалды», — деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Президент декларациялауға қатысты мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырды.