"Футболистер пицца тасып кетті": 10 ай бойы жалақы алмаған Ақжайық футбол командасы Тоқаевтан көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 495.2
  • 522.34
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Футболистер пицца тасып кетті": 10 ай бойы жалақы алмаған Ақжайық футбол командасы Тоқаевтан көмек сұрады

"Футболистер пицца тасып кетті": 10 ай бойы жалақы алмаған Ақжайық футбол командасы Тоқаевтан көмек сұрады

Желіде оралдық Ақжайық футбол командасының Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасаған видеоүндеуі тарады.

  • 20 Қараша
  • 15
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тоқаевтан араша сұраған спортшылар бапкерлердің де бірнеше ай бойы жалақысыз жұмыс істеп жүргенін айтқан.

«Президентімізге, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Ақжайық футбол клубының атынан үндеу жолдағымыз келіп отыр. Ақжайық футбол клубының жағдайын айта кететін болсақ, бес айдан бері футболшылар мен жаттықтырушылар жалақы ала алмай келе жатыр. Сондықтан да барша футболшылардың атынан бізге көңіл аударуыңызды сұраймыз. Осы жерде қаншама жастарды жаттықтырып жатса да, бапкерлеріміз айлықтарын ала алмай жүр», — дейді осыдан төрт ай бұрын мемлекет басшысына үндеу жолдаған Ақжайық футбол командасы.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың әлеуметтік желіге жазған ақпаратына сенсек, бұл видеоүндеудің жарияланғанына төрт ай өтсе де, ешқандай өзгеріс жоқ.

«Футболистер пицца тасып кетті. Мықты жаттықтырушылар таксист болып жүр. БҚО маңдай алды мақтанышы “Ақжайық” футбол командасының күйі осы. Жігіттер жалақы алмағанына 10 ай болды. Мына Үндеу Президенттің атына 5 ай бұрын жолданған. Одан бері тағы 4 ай өтті.
Түк өзгеріс жоқ. Ал, мен кішкентайымды футболға берейін деп жүрсем. Мен барлық ақпаратты қабылдаймын, бірақ зіңгіттей 27 ер-азаматтың шырқырап жылаған көз жасына шыдамадым. Кеттім, Оралға», — деп жазды журналист.

Ал, спорт журналисі Аслан Каженов Орал өңірінің спорты жылдан-жылға нашарлап бара жатқанын алға тартады.

«Орал спортының сиқы осы…

«Әріптесіміз Гүлмира Әбіқайдың постын оқып, ұялып отырмын. Испаниский стыд дейді ғой. Спортқа жауапты маманның отырысын қараңыз. Сұқ саусағын шошайтып, зіркілдеп сөйлеп отыр дейді. Оның үстіне бұл кісі спорттың ішінде қыз-қыз қайнап жүрген адам емес. Тарихшы. Бұған дейін облыстық спорт басқармасын қаржы саласының өкілі басқарып келген еді. Енді тізгінді педагогқа беріпті.

Өкініштісі сол, аймақта спорт саласы жылдан жылға нашарлап барады. Бір кездері ұлттық құрамаға тұрақты резерв беріп, олимпиада ойындарына 3-4 лицензия алатын өңір еді. Данияр Елеусінов сияқты жазғы ойындардың чемпионы да шықты. Ал, қазір соның барлығы арманға айналды. Яғни, барды жоқ қылып отырмыз.

Бүкіл Батыс Қазақстан облысында спортқа кәдімгідей жаны ашитын, менеджерлік қызметті жақсы атқаратын бірде-бір маман жоқ дегенге сенбеймін. Бар. Болғанда қандай. Нағыз жігіттердің төрелері жүр ғой. Бірақ, оларға мүмкіндік бермейді. Неге екенін қайдам, әкімдік осындай адамдарды басшылыққа қоюға әуес. Өкінішті…», — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.