Сәуле Әбілдаханқызы Перизат Қайрат туралы: “Мемлекет пен халықты тонауды кейінгі жастар әбден жақсы меңгерген” - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуле Әбілдаханқызы Перизат Қайрат туралы: “Мемлекет пен халықты тонауды кейінгі жастар әбден жақсы меңгерген”

Сәуле Әбілдаханқызы Перизат Қайрат туралы: “Мемлекет пен халықты тонауды кейінгі жастар әбден жақсы меңгерген”

Қаржылық мониторинг агентігінің мәліметінше, ол 1,5 миллиард теңге ұрлаған болуы мүмкін деп ұсталған Перизат Қайрат туралы журналист Сәуле Әбілдаханқызы жазды.

  • 20 Қараша
  • 96
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”»Перизат туралы неге жазбайсыз?..» дейді…)

Не жазамын?

«Жалпы, «өтірік қор, бірлестік құрып алып, ақша жалмаған мыңғырған НПОларды тексеріп, 90%-ын жою керек» деп кейінгі 10 жылда аз жазған жоқпыз. Өкіметтен өтірік тендерлерді бір алып, халықтан екі алып, арамтамақ боп байып жатқанын да айттық, жаздық…. тезірек бұларды бір жөнге салатын заң қабылданса қарсы емеспін… әйтпесе, «ақшаны жуушылар» елді кірлетіп болды…

Бесіктен белі шықпай мемлекет пен халықты тонауды кейінгі жастар әбден жақсы меңгерген… кез-келген адамды пайдаланып, кез-келген идеяны ұрлап, жұртты тонаудан алдарына жан салмайтын «қайырымшылар» легі пайда болды… алдыңғы буын «ұстаздарынан» көргені, үйренгені сол болса, қайтеді енді….

Өзім де айнұр, гуля, зоялардың қорларына да, жекелеген «сұраушыларға» да 700 тг, 7000 тг, 70 мың тг садақа деп талай аудардым… берген садақаны айтқан дұрыс емес, дегенмен, садақамыз өз адресатына жетпей, жемқорлардың тесік жемсауытын толтыруға, олардың шет елдерде кайфовать етуіне жұмсалатынын білген соң, садақаны да, жақсылықты да алдымен өзіме, өз жақындарыма жасауым керектігін түсіндім… ең соңғы рет 2021 жылы бөтендерге қайырымдылық жасаппын… сол жылы аяныштыларды аяғаннан тапқан көп «олжамнан» кейін тек өзім деп, өз жақындарым деп, осы бағытта тірлік қылуға көштім…”, — деп жазды журналист.