"Міржақып атам көрген карцерді менің де көруім керек болған шығар": Бердах Бекетовтың түрмедегі хаты жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Міржақып атам көрген карцерді менің де көруім керек болған шығар": Бердах Бекетовтың түрмедегі хаты жарияланды

"Міржақып атам көрген карцерді менің де көруім керек болған шығар": Бердах Бекетовтың түрмедегі хаты жарияланды

“Қалаулым” бағдарламасымен танылған Бердімұрат-Бердах Бекетов қаңтардағы бүлікке қатысқаны үшін тұтқындалған болатын.

  • 21 Қараша
  • 126
Фото - Caravan.kz

Оның түрмедегі хатын әпкесі Перизат Бекет Instagram-дағы парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен аман-есенмін. Тек бұл түрме тынысымды тарылтып жатқаны болмаса. Әкем үнемі айтады ғой, балам сенің шындығың ешкімге керек емес деп. Сол сотта айтқан әрбір шындығым үшін №72-ші түрме мекемесінде қысым көріп келе жатырмын. Бүгін жалғыз өзім түрменің ішіндегі түрмеге түсіп қалдым. Яғни, карцердемін.

Бүгін 18.11.2024 жылы сенен телефон тәркіленген деп мені карцерге жапты. Бірақ заң бойынша менің телефоным екенін дәлелдейтін дәлел жоқ. Бейнебақылау құрылғысында мен телефон қолданған бейнежазба жоқ. Мен заң бойынша табылған телефонды көрсетіп тергеу жұмыстарын жүргізуді талап еттім. Егерде менің қасымнан табылған болса, неге сол сәтте АКТ толтырып бейнежазбаға түсіпі алмағанын сұрадым, ешкім жауап бермейді. Менің азаматтық құқықтарым тапталды. Тағы карцерге жабу алдын заң бойынша медициналық тексерістен өткізу керек. Ол да жасалмады. 24 сағат бойы түсіріп тұратын бейнебақылау бізді қорғап тұру үшін емес, осы мекеме қызметкерлерінің заңсыздықтарына көз жұму үшін құрылған тәрізді.

Уайымдамаңыздар! Міржақып Дулат атам 1 жыл 6 ай жатқан карцер ғой. Менің де көруім керек болған шығар. Ем алуға мүлдем шығармайды. Іші өте суық, тар. Ас ішетін орын мен дәретхана бір жерде орналасқан. Құдды бір хайуандарға арналған қапас тәрізді.

Елім барда еңсемді түсірмеймін», — деп сөзді аяқтады Бердах Бекетов.

Instagram.com/berdax_beketov