Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде кезекті рет қазақ балуаны жеңіс тұғырына көтерілді. Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түскен Рүстем Мырзағалиев үздік үштіктен көрінді. Отандасымыз ширек финалда ресейлік балуан Арслан Багаевқа есе жібергенімен қола жүлде үшін белдесу мүмкіндігіне ие болды. Рүстем кіші финалда маңғолиялық балуанды 5:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.