"Өтірік үй, жалған ем": Тағы бір қайырымдылық қорының былығы әшкере болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өтірік үй, жалған ем": Тағы бір қайырымдылық қорының былығы әшкере болды

"Өтірік үй, жалған ем": Тағы бір қайырымдылық қорының былығы әшкере болды

Халық қайырымдылық қорларына сенуден қалды.

  • 22 Қараша
  • 42
Фото: видеодан алынған

Елімізде тағы бір қайырымдылық қорының былығы көпшілікке әшкере болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы журналист Гүлмира Абықай өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Елге көмек» деп аталатын қайырымдылық қорының парақшасында 390 мыңнан аса жазылушы бар. Қор халықты алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсайтыны анықталды.

Мысалы көшеде көмек сұрап отырған арбадағы үлкен кісіні алдаған. Үй алып береміз деп видео түсіріп, халықтан ақша жинаған. Соңында жинаған ақшасы бойынша өтірік есеп беріп, қарт кісіні жалдамалы пәтерге отырғызып кеткен.

«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «апа, үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», — дейді алматылық келіншек.  

Қор мүшелері «Апаны емдеттік» деп те айтқан. Бірақ апаның айтуынша, мүлдем емдетпеген екен. Бәрін контент үшін жасаған. Поликлиникаға да видео үшін кіріп шыққан екен.

«Қайырымдылықты миллионерлер емес, қарапайым пәтерді жалға алып тұратын, бір жұмысы бар азаматтар жасайды», — деді журналист.

«Елге көмек» қорының жетекшісі туралы халық білген, естіген ақпараттарымен бөлісе бастады.

«Ильяс Сариев деген азамат нағыз алаяқ. Осы жылдың шілдесінде Саяхат ауданында, нақтырақ Потанин 18 мекен жайында мүгедек атасымен пәтер жалдап тұратын 16 жасар Бекзат деген бозбалаға көмек көрсетеміз деп, ақша жинаған еді. Бекзаттың жағдайы өте нашар, қоқыстардан энергетик қалдықтарын жинап, өткізіп, ақша жинап атасының еміне жұмсайды екен. Ильяс Сариев ақша жинағанын әлеуметтік парақшасына салды. Содан кейін 11-шілдеде Бекзатқа үй алып бердік деп пост салды. Ақырында ол біреудің тұрып жатқан үйін өтіріп түсіріп, халыққа жалған ақпарат таратты. Бекзатқа ешқандай үй берілмеген. Ильяс Сариев ақшаны өз қалтасына салған. Жеке өзім барып, Бекзаттың жағдайын көрдім. Сол баяғы Саяхат жақта тұрып жатыр, қоқыс теріп жүр. Менде фото бар. Ол заң алдында жауап беруі керек», — делінген кәугердің берген жауабында.

Аталған жайттар мен былықтардан кейін «Елге көмек» қайырымдылық қорынан қандай ресми жауап келеді екен. Жалғасын жазатын боламыз.