"23 градус аяз болады": Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"23 градус аяз болады": Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"23 градус аяз болады": Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады.

  • 22 Қараша
  • 35
Фото: жасанды интеллект

Қазгидромет синоптиктерінің мәлімдеуінше, алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда-тұман», — делінген Қазгидромет жариялаған хабарламада.

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аязға дейін, еліміздің қиыр шығысында 23 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.