Қор нарығында доллар қайта қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

  • 22 Қараша
  • 4
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,36 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 498,34 теңге.

Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы — 1 долларға 494,87 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,91теңге. Еуро — 520,65.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 499,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501,3 теңге. Еуро 521,5 — 525 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 497 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 517 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,85 — 5,00 аралығында саудаланып жатыр.