"Жетім балалардың обалын кім көтереді?": Павлодар облысында педофилизм өршіп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жетім балалардың обалын кім көтереді?": Павлодар облысында педофилизм өршіп тұр

"Жетім балалардың обалын кім көтереді?": Павлодар облысында педофилизм өршіп тұр

Павлодар облысында педофилизмге байланысты төтенше жағдай жариялау керек.

  • 25 Қараша
  • 34
Фото: mail.ru

Павлодар облысында бір күнде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың үш фактісі тіркелді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жергілікті ақпарат агенттігінің мәліметінше, жыл басынан бері аталмыш өңірде балаларға зорлық көрсетуге қатысты 30 қылмыс тіркелген. Оның жартысы педагогтердің тарапынан ашылған. Соңғы үш жағдай әлі статистикаға енгізілмеуі мүмкін. Олар туралы бір күнде – 22 қарашада белгілі болды. Бұл қылмыстардың екеуі ағайынды бала мен қызға қатысты болса, үшіншісі балалар үйінің тәрбиеленушісіне қатысты.

Облыстық прокуратурада хабарлағандай, прокурорлық тексерулер барысында балалар үйлері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мекемелерде тәрбиеленушілер үшін міндетті медициналық тексерістер ұйымдастырылды. Медициналық тексерістерге 10-16 жас аралығындағы 105 қыз қатысты.

Прокуратурада атап өткендей, осындай медициналық тексерістер «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы бұйрығымен реттеледі. Тексерулер нәтижесінде 105 тұлымдының 6-уы пәктігінен айрылғаны белгілі болды. Енді басталған тексеру жалғасып жатыр. Тал шыбықтай тағы қанша қыз баланың зорланғаны алдағы уақытта жария етіледі.

Мысалы, Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінде 15 және 13 жастағы ағалы қарындасты зорлаған екі адам ұсталды. Ал, Железинка ауданында түрмеге қамалғысы келмеген орманшы атылып өлді. Себебі, жетімдер үйінен 5 бірдей баланы патронатқа алып, 16 жастағы қыз баланы 10 жасынан бастап зорлап келген.

Қазіргі уақытта бір жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 122-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жүргізілуде. 

Қалған жағдайлар қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін анықтау мақсатында зерттелуде, егер жеткілікті дәлелдер табылса, полиция тиісті процессуалдық шешімдер қабылдайды.

Павлодар облысындағы шу бүкіл елдің назарында. Бүгін, 25-Қарашада Астанада Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов брифинг өткізеді. Өзі басқаратын өңір журналистерімен баспасөз мәслихатын өткізбегелі 1 жылдан асыпты. Астанадағы әріптестеріміз Асайын Қуандықұлын асыға күтіп отыр. Басты сұрақ педофилия болмақ.

Жетімдерге жебеу болу үшін салынған мемлекеттік мекемелерде мынандай сұмдыққа жол берілуіне кінәлі кім? Жетім балалардың обалын кім көтереді? Асайын Байхановтың жауабын брифингіде білетін боламыз.