Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Бақытты бала IQ» балабақшасының негізін қалаушысы Айсұлу Жақсыбек балабақшада діни білім беруге қызығушылық танытты. Ол өзі аралаған әр мемлекеттің балабақшасына ат басын бұрып, өзгешелік пен ерекшеліктерге назар аударатындығына тоқталды.
—Мальдив аралында 3 жасар балалар құран оқи алады. Мен қандай мемлекетте болсам да, балабақшаларын көруге тырысамын. Мальдив аралына демалуға барғанымда, балабақшаға бардым. Басытығымен танысып, сіздің әріптесіңізбін, Қазақстаннанмын деп айттым. Балабақшаны аралап, кіріп көрсетті. Қазір сабақ басталады, күте тұрыңыз деді. Сонда 3 жасар балалар келді, құранды ашып оқи бастады. Мен сол кезде жалып жібердім. Дауыстары өте ерекше болды. Сол балабақшаға кіргеннен бастап, қалай дәрет алу керек, Алла деген сөздері жазған, әке-шешені Алладан кейін құрметтеу керегі жайлы суреттер іліп қойған. Бірнеше мемлекеттің ішінде сол Мальдив аралында балабақша маған қатты әсер етті. Өйткені, маған басқаша әсер, сезім берді, деп айтты.
«Бізде мектепте құран түгілі ормала кисе қорқады, ертең бұлар намаз оқитын бөлме сұрайды деп», «Сонда тек құран оқуға керек пе, зайырлы мемлекетпіз ғой», «Бізде де солай балабақшадан басталса ғой. Ата-бабамыздың тәрбиесі солай еді», деп оқырмандар пікірі екіге тарапқа бөлінді.
Құрметті оқырман! Өз көзқарасыңызды жаза отырыңыз!