«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шықты

«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шықты

Алматының «Қайрат» командасы футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шықты.

  • 29 Қараша 2024
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

В тобында қазіргі кезде алматылықтар 6 ұпаймен көш бастап тұр.

Франциялық «Этуаль» хорватиялық «Футзал Динамо» командасын 4:3 есебімен жеңгеннен кейін «Қайраттың» мерзімінен бұрын финалдық кезеңге шыққаны белгілі болды.

Екі турдан кейін «Этуальда» — 3, «Футзал Динамо» мен «Олмиссум» командаларында 1 ғана ұпайдан бар. Бірінші турда «Қайрат» «Этуальды» 4:2 есебімен жеңгендіктен, алдағы ойындардың нәтижесі ештеңені шешпейді.

Алматылықтар өз тобындағы соңғы кездесуін «Футзал Динамо» командасымен өткізеді.

Чемпиондар лигасының жартылай финалына «Қайраттан» басқа қалған үш топтың жеңімпазы жолдама алады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера