"Өзің-ақ сүйіп жүре берші, елге ақыл айтпай": Күйеуді өзіңнен артық жақсы көруге шақырған Тамара Асар елді шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзің-ақ сүйіп жүре берші, елге ақыл айтпай": Күйеуді өзіңнен артық жақсы көруге шақырған Тамара Асар елді шулатты

"Өзің-ақ сүйіп жүре берші, елге ақыл айтпай": Күйеуді өзіңнен артық жақсы көруге шақырған Тамара Асар елді шулатты

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар ер адамдардың қандай болу керектігін айтып, елдің сынының астында қалды.

  • 29 Қараша
  • 1020
Instagram/Дина Төлепберген

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Дина Төлепбергеннің «Din Dina show» бағдарламасына қонақ болған.

«Ер адам болу іш пыстырады. Себебі ол тамақ пісірмейді, себебі пісіретіндер бар. Ер адам не істеу керек? Ер адам ақша табуы керек. Ер адам жауға шабуы керек. Жауды қайдан табасың, бейбіт күнде? Кіммен барып соғысасың? Өзінің табиғатында қан көру керек. 

Ол қазір басқа формаға айналып бара жатыр. Себебі өзінің табиғатынан алыстап кетті. Ал алыстаған кезде ол жалғызсырайды, ол жылағыш болады. Ол бала кейпіне түсіп кетеді. Ер адам еркіндікпен әйелінің қасында болуы керек. Жауға жаппаған ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек. Сонда ол ер адамның табиғатынан алыстамайды. Сүю керекпін, сүйемін де», — деді ол.