Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

30 Қарашада Mercedes Benz 280 жүргізушісі Алматы – Бесмойнақ автожолының 77-шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Focus автокөлігімен, содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты.

  • 1 Желтоқсан 2024
  • 9
Фото: Caravan.kz

Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Түрлі жарақаттарымен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.

Өңір полициясы барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жол ережелерін бұзбауды ескертті.