Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды

Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды

Белгілі қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова қайтыс болды.

  • 1 Желтоқсан
  • 7
Фото: Massaget.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаралы хабарды Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені естіртті.

«Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз», — делінген хабарламада.

Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1943-1951 жылдары Қазақстан жазушылар одағын басқарды.

Оның әйгілі шығармаларының қатарында «Ботагөз», «Сырдария» романдары мен «Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясы бар. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.