13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу енгізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 521.9
  • 593.5
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу енгізілмек

13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу енгізілмек

Шара балаларды цифрлық технологиялардың теріс әсерінен қорғау мақсатында қолға алынғалы отыр

  • 2 Желтоқсан 2024
  • 10
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 24.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияда 13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу енгізіледі.

Шара балаларды цифрлық технологиялардың теріс әсерінен қорғау мақсатында қолға алынғалы отыр. Жаңа заң халықаралық тәжірибеге негізделген.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, құжат балаларды әлеуметтік желілерде кибербуллинг, қолайсыз контентке қолжетімділік және гаджеттерге тәуелділік сияқты түрлі қауіптен сақтайды.

Сондай-ақ әлеуметтік желілердің өз платформаларына жас ерекшеліктерді тексеру механизмдерін енгізіп, балалардың жеке деректерін қорғауды міндеттейді.