Осы мақсатта Ақтөбе облысы, Темір ауданы, «Кеңқияқ» ауылдық округіне қарасты әкімшілік аппараты және «Ақбота» бала-бақшасы, «Ырысты ана» мешіті айналасына жасыл желекпен көгалдандыру барысында 50 түп ағаш мамыргүл (сирень) отырғызылмақ.
Көгалдардырцдың басты себебі – ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ға кемиді, 35%-ға өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ға азаяды, ал 65%-ға өсірілсе, шаң 95%-ға кемиді.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, «Кеңқияқ» ауылдық округі әкімдігімен жеке мердігер келісе отырып мамыргүл ағашын отырғызу дұрыс деп тапты. Себебі мамыргүл ағашы (сирень) ашық күнді жақсы көреді және ұзақ гүлдейді. Ол топырақ талғамайды. Сондықтан сәуір, мамыр, маусым айларында ол әдемі болып жайқалып гүлді мол береді. Мамыргүл – зәйтүндер тұқымдасына жататын бұталар тегі. Мамыргүлдің биіктігі 3-3,5 метрге дейін өседі. Мамыргүлдің 2300-ден астам мәдени сорттары бар, олар Кәдімгі мамыргүл (лат. Syrínga vulgáris) түрінен алынған. Сорттары бұталар гүлденуі, биіктігі мен әдеті мерзімдері, гүл түсі, пішіні мен мөлшері және т.б. бойынша ерекшеленеді . Қазақстанда қалаларда, саябақтарда, бақшаларда және демалыс орындарында кәдімгі әсемдік үшін өсіріледі, яғни оның қызығын халық аталған айларда көріп, көзді қуантатыны сөзсіз.
Бұл Қазақстан аумақтарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған жалпыұлттық экологиялық бастама.
Ақтөбе облысында көгалдандыру жұмыстары бойынша кешенді жоспарына сәйкес, орман шаруашылығын дамыту, ұлғайту, қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары қарқынды жүзеге асып келеді.