Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай жариялады

Оңтүстік Корея президенті елде әскери жағдай жариялады

Соңғы рет Оңтүстік Кореяда әскери жағдай 44 жыл бұрын жарияланған.

  • 4 Желтоқсан
  • 4
Фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяның президенті әскери жағдайды жариялау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Президент Юн Сок Ёль түнде шұғыл жиын өткізіп, өзіне қатысты заңсыз импичмент болуы мүмкін екенін айтқан. Артынша ол Парламент жұмысына сенімсіздік білдірді. 

Ол мемлекет пен қоғамның бостандығын, демократиялық құндылықтарын жойғысы келетін күштердің барын, олардың Солтүстік Кореямен байланысты екенін айтты. 

Қазіргі сәтте Парламент ғимараты маңында әскери жағдайға қарсылар мен арнайы жасақ арасында кішігірім қақтығыс болған. 

Оппозиция көсемі Ли Чже Мен президенттің әрекетін заңсыз деп атады. “Президент өзіне импичмент жариялатпауы үшін осы қадамға баруда, ол енді заңды президент емес” дейді ол. 

Қазір Сеулге бронды техника кіргізілуде. Әскер мемлекеттік ғимараттар маңына топтастырылады және маңызды қиылыстарға орналастырылмақ. 

АҚШ осы сәтте Оңтүстік Кореямен әскери жағдайға байланысты ақпарат алмасып отырғанын айтты. “Елдің тұрақтылығына қауіп төндіретін элементтерді Сеул жылдам реттей алатынына сенімдіміз”- дейді Вашингтон. 

Соңғы рет Оңтүстік Кореяда әскери жағдай 44 жыл бұрын жарияланған.