Адвокат Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшылар туралы: “Қит етсе жұмыстарын тастап, көшеге шығу - әдет боп кеткен бе” - kaz.caravan.kz
  • $ 521.9
  • 593.5
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адвокат Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшылар туралы: “Қит етсе жұмыстарын тастап, көшеге шығу - әдет боп кеткен бе”

Адвокат Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшылар туралы: “Қит етсе жұмыстарын тастап, көшеге шығу - әдет боп кеткен бе”

Адвокат Ләззат Ахатова Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшыларды қатаң сынға алды.

  • 5 Желтоқсан 2024
  • 129
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Жаңаөзендегі “Өзенмұнайгаз” кәсіпорынының бұрғылау жұмыстары басқармасы мұнайшыларының негізсіз талабы күннен күнге үдеп бара жатқан сияқты. Әлі күнге ереуілге шығуларын тоқтатпай отыр екен. «Зейнетке шықсақ, орнымызға балаларымызды, немерелерімізді аласыңдар» дегендері асыра сілтеудің шыңы. Қалған талаптарын жұмыс беруші тараппен келіссөздер жүргізе отырып, шешуге болады ғой. Жалпы еңбек даулары бойынша алдымен жұмыс беруші мекемемен үшінші жақтың араласуынсыз, митингісіз өзара диалог тиімді. Қит етсе, жұмыстарын тастап, көшеге шығу — әдет боп кеткен бе? Елде олардан басқа проблема жоқтай.
Бүгінгі таңда “Қазмұнайгаз” мекемесінің басшылығы мұнайшыларды жұмысқа шығуға шақырып, ереуілге қатысқандарға ешқандай тәртіптік жаза қолданылмайтынын айтып жатыр екен. Ал енді «балаларымызды орнымызға алмасаң, шықпаймыз” дейтіндер басқа азаматтардың еңбек құқықтарын өрескел бұзып жатқандарын біле ме екен? Заң бәріне бірдей. Ол кісілердің қызметтері — атадан қалған мұра емес. Мұнай өндіру кәсіпорындары өз жұмыскерлерін Еңбек Кодексінің талаптарына сай, конкурс арқылы білігі мен тәжірибесіне қарап, іріктеп алады”, — деп жазды адвокат.