Анасы мен қызын аса қатыгездікпен өлтірген экс-мұғалімге үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анасы мен қызын аса қатыгездікпен өлтірген экс-мұғалімге үкім шықты

Анасы мен қызын аса қатыгездікпен өлтірген экс-мұғалімге үкім шықты

Келес ауданында бір түнде анасы мен қызын азаптап, қорлап өлтірген күдіктіге заңды үкім шықты.

  • 6 Желтоқсан 2024
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Естеріңізде болса, 11 қыркүйек түні 47 жастағы әйел мен оның 15 жасар қызы аса қатігездікпен азаптап өлтірілген болатын. Күдікке сол ауылдың 29 жастағы экс-мұғалімі іліккен. Туған бауыры мен анасынан айырылған апалы-сіңлі «Көремізден» араша сұрады.

Көреміз тілшілері қанды қылмыс орын алған жерге барып, куәгерлерден сұхбат алып, журналисттік зертеу жүргізді. Бағдарлама соңында қайғыдан қан жұтқан отбасыға заңгерлік көмек көрсетіп, бұл істі Жандос Палмановқа табыстадық.

Қылмыстық іс үш ай тергелді. «Көреміз» бен Жандос Палмановтың қорғауындағы қос бауыр әділдікке жетті. Себебі экс-мұғалім өмір бақиға бас бостандығынан айырылып, 50 миллион моральдық шығын өтеуі тиіс. Сот үкімі әлі күшіне енбеді.

Көреміз жабылса да, арқалаған жүкті соңына дейін өтеу- азаматтық борыш деп білеміз. Өте абай болыңыздар», — деп жазды ол.

Перейти к новостям спорта