Алматы әкімдігі жер сілкінісін ескерту үшін бір жылда 700 млн теңге жұмсамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімдігі жер сілкінісін ескерту үшін бір жылда 700 млн теңге жұмсамақ

Алматы әкімдігі жер сілкінісін ескерту үшін бір жылда 700 млн теңге жұмсамақ

Бұл қаражатқа 70 станция салынады деген жоспар бар.

  • 6 Желтоқсан
  • 5
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласында 2025-2027 жылдары жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жақсарту үшін қосымша 70 сейсмикалық станция орнату көзделген.  Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында Алматының әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бұл мақсатқа бір жылдың өзіне 700 млн теңге көзделген.

«2024 жылғы қаңтарда сейсмикалық қауіпсіздікке арнап өткен кеңесте президент  нақты міндеттер жүктеген. 2025 жылдың 1 жарты жылында қалада сейсмикалық аудит өтті. Жапония, АҚШ және Израиль елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып,  қалалық бағдарлама әзірленді. 2025-2027 жылдары жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін қосымша 70 сейсмикалық станция орнатылады. 2025 жылға арналған қала бюджетінде 700 млн теңге қарастырылған», — деді Ерболат Досаев.