Шерзат Болаттың әкесі мен туыстары қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шерзат Болаттың әкесі мен туыстары қамауға алынды

Шерзат Болаттың әкесі мен туыстары қамауға алынды

Сондай-ақ Қаржаубай Нұрымовтың тағы бір туысы - Салтанат Нұрымоваға айыппұл салынды.

  • 11 Желтоқсан
  • 35
Фото: Azattyq Rýhy

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамайтын болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Алматы облысының соты сәрсенбі, 11 желтоқсан күні таңертең ерте таратқан баспасөз хабарламасында Қаржаубай Нұрымов пен оның екі туысына қатысты іс қаралғанын хабарлады. 

Дәлірек айтсақ, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі) Салтанат Нұрымова әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 488-бабы, 8-бөлігі) азаматтығы жоқ тұлға Бахыт Рейімова 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, одан кейін Қазақстан Республикасынан депортацияланатын болды. 

Қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрмет танытпағаны үшін, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасап,  көлік қозғалысына кедергі келтіргені үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі) Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.