"Ерлер құрамасының алғашқы алтыны": Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.9
  • 593.5
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ерлер құрамасының алғашқы алтыны": Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды

"Ерлер құрамасының алғашқы алтыны": Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

  • 11 Желтоқсан 2024
  • 9
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстандық боксшы финалда өзбекстандық Шахзод Музафаровпен кездесті. Төрешілер есебі 4:1. Тартысты жекпе-жектің нәтижесінде, төрешілердің шешімімен Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды. Осылайша, ол Қазақстан ерлер құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салды.

Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Амман қаласындағы Азия чемпионатында Махмұд күміс жүлдегер атанған еді.