”Өзбек боксшысы иығынан тістеп алған”: Абылайхан Жүсіпов бір күн кешігіп Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Өзбек боксшысы иығынан тістеп алған”: Абылайхан Жүсіпов бір күн кешігіп Азия чемпионы атанды

”Өзбек боксшысы иығынан тістеп алған”: Абылайхан Жүсіпов бір күн кешігіп Азия чемпионы атанды

Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады.

  • 13 Желтоқсан 2024
  • 114
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар.

Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі.

Ал, спорт журналисі Аслан Каженов өзбекстандық боксшының Абылайхан Жүсіповты тістегенін айтты.

 “IBA өкілдері Хавасбек Асадуллаевтың жекпе-жек кезінде жерлесімізді тістегенін растап, төрешілер шешімін өзгертті”, — деп жазды журналист.