”Азия боксының жаңа дәуірі”: Asian boxing өз жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Азия боксының жаңа дәуірі”: Asian boxing өз жұмысын бастады

”Азия боксының жаңа дәуірі”: Asian boxing өз жұмысын бастады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, Халықаралық бокс федерациясы World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин, Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан бокс федерациясының өкілдері Asian Boxing ұйымының алғашқы ресми отырысына қатысты. 

  • 13 Желтоқсан
  • 63
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар Таиланд бокс федерациясының президенті Пичай Чунхаваджира және Азия елдерінен басқа қатысушылар да болды.

Еске сала кетейік, Asian Boxing — World Boxing ұйымының қолдауымен құрылған жаңа ұйым, оның басты мақсаты Азия аумағында боксты дамыту мен ілгерілету, сондай-ақ Олимпиада қозғалысында бокс спортын сақтау. Қазіргі уақытта оның құрамында 60 Азия елінің ұлттық федерациялары бар.

Жаңа Азия федерациясының штаб-пәтері келесі сайлауға дейін Таиландта орналасады. Asian Boxing уақытша президенті болып біржақтан Пичай Чунхаваджира сайланды. Ол қатысушыларға сенім білдіргендері үшін алғыс айтты.

“Бокс Олимпиада ойындары бағдарламасында сақталып қалуы үшін біз негізгі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік алдық. Asian Boxing құру — біздің ортақ мақсатымызға жетудегі маңызды қадам. Барлық қатысушыларға сенім білдіргені үшін алғыс айтамын”, — деді Пичай Чунхаваджира.

Алғашқы отырыста ұйымның уақытша логотипі бекітіліп, директорлар кеңесінің және комитеттердің құрамы талқыланды. Директорлар кеңесіне тоғыз адам кіреді, оның ішінде бір әйел болуы міндетті. Алты комитет бес адамнан тұратын болады.

“Біздің басты мақсатымыз — боксты Олимпиада ойындары бағдарламасында сақтау. Бұл үшін World Boxing құрылған. Бұл 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына боксшылардың қатысуына мүмкіндік береді, себебі Халықаралық Олимпиадалық комитеті World Boxing-ты Олимпиадаға қатысатын боксшылар үшін жалғыз жол деп атап өтті”, — деп түсіндірді Головкин.

Геннадий Головкин отырыс барысында World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы ретінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, бокс спортын Олимпиада бағдарламасында сақтау жөніндегі болашақта орындалар мақсаттарын белгіледі.

Келесі отырыс онлайн форматта өтеді, онда уақытша директорлар кеңесі сайланады. Сонымен қатар, 2025 жылы ұйым Конституцияны қабылдап, президенттікке және директорлар кеңесіне кандидаттарды ұсынады.