Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазгидромет-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Солтүстік циклон, сондай-ақ онымен байланысты атмосфералық фронттар салдарынан Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады», — деп хабарлайды»Қазгидромет» РМК.
Еліміздің қалған бөлігінде антициклонның беті қайтып, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республикамыз бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылыс — желдің күшеюі, солтүстік-батыста боран, тұман, батыста, солтүстік-батыста көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде солтүстік, орталық өңірлерде, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында күн аяздап, 25-28 градус қатты суық болады деп күтіледі.
Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -13…-15°С, күндіз: -8…-10°С.
Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Арасында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -16…-18°С, күндіз: -5…-7°С.
Шымкентте аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -15…-17°С, күндіз: 0…-2°С.