Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,86 теңгеге көтеріліп, 524,66 теңгені құрады.
Юань бағамы да 0,38 теңгеге өсіп, 71,99 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 524-527 теңгеге, еуро 545-550 теңгеге, рубль 5,06-5,11 теңгеге сатылуда.