19-21 желтоқсан күндері қар жауып, аяз болады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 522.63
  • 548.66
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
19-21 желтоқсан күндері қар жауып, аяз болады - Қазгидромет

19-21 желтоқсан күндері қар жауып, аяз болады - Қазгидромет

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 18 Желтоқсан
  • 7
Фото: kazhydromet.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді, қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел күтіледі. 19-20 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты қар жауады. 21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің батысында ауа – райы негізінен жауын-шашынсыз, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады.

«Түнде ауа температурасының еліміздің батысында 3-13-градус аяздан 5-18 градус аязға дейін, шығысында 10-26 градус аяздан 7-20 градус аязға дейін ауытқиды; қалған аумақтарда ауа температурасының түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 10-20 градус аязға дейін, орталықта 13-25 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 7-13 градус аяз, таулы аудандарда 15-18 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі», — делінген Қазгидромет жариялаған хабарламада.