Депутаттар тағы бір мамандардың жалақысын 100%-ға көтеруді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.63
  • 548.66
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар тағы бір мамандардың жалақысын 100%-ға көтеруді сұрады

Депутаттар тағы бір мамандардың жалақысын 100%-ға көтеруді сұрады

Мәжіліс депутаттары метеорологтардың жалақысын көтеруді сұрап, Премьер-министр мен Экология және табиғи ресурстар министріне сауал жолдады

  • 19 Желтоқсан
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

1 шілдеден бастап Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бағынатын орман шаруашылығы, табиғатты қорғау және экологиялық ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы көтерілгенін білеміз. Бірақ олардың арасында Қазгидромет жоқ. Бұл әділетті ме? – деді депутат Ажар Сағандықова.

Оның сөзінше, техник-метеорологтар “Қазгидромет” РМК басшылығы ақшаны өз жалақысы есебінен емес, қарапайым қызметкерлер есебінен үнемдеп жатқан сияқты әсер қалдыратынын айтады.

“Қазгидромет” басшылығы жыл басында техникалық қызметкерлердің өтінішіне “жалақыны көтеру мәселесін мемлекеттік органдар шешіп жатыр” деп жауап берген. Дегенмен жыл аяқталды, ал сұрақ әлі шешілген жоқ. Осыған байланысты Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары метеорологтардың тілегін тыңдап, өзекті мәселелерді бірінші кезекте қарастыруларыңызды және қазіргі еңбекақыны 100 пайызға арттыра отырып, метеорологтарды лайықты еңбекақымен қамтамасыз етуді сұрайды. Сондай-ақ қосымша бақылаулар үшін барлық қажетті бонустардың төленуін қамтамасыз етуді, кезекті демалыстарға қосымша күндерді қосуды, ұлттық және басқа мерекелер үшін бонустар беруді сұраймыз, — деп айтты Сағандықова сауалында.