"Аяғына ота жасатты": Сәкен Бибосыновтың өзбек боксшысынан жеңілу себебі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аяғына ота жасатты": Сәкен Бибосыновтың өзбек боксшысынан жеңілу себебі белгілі болды

"Аяғына ота жасатты": Сәкен Бибосыновтың өзбек боксшысынан жеңілу себебі белгілі болды

Таиландта өткен Азия чемпионатында жүлдесіз қалған Сәкен Бибосыновқа ота жасалды.

  • 23 Желтоқсан
  • 13
Фото: Турар Казангапов

Бұл туралы спортшының жеке бапкері Мырзағали Айтжанов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Спортшы жарақатына байланысты Қазақстан чемпионатынан да тыс қалды.

«Сәкенмен сөйлесіп, жағдайын білдім. Бірінші кезекте келе салып, тексерілді. Дәрігерлер тездетіп ота жасау керек деген нұсқау берді. Кеше отасын жасатты. Аман-есен, жақсы өтті, қазақша айтқанда сіңірі үзіліп кеткен. Жауапкершілігі мықты жігіт. Азия чемпионатында жекпе-жекке шығар алдында іс-қимылды қатты істеген кезде сіңірі үзіліп кетті. Бір аяқпен әрең жүріп бокстасты. Оны біреулер формада емес деп ойлады. Оны біз айта алмаймыз. Жігіт болған соң жыламайды, арызданбайды. Менде де әркімге бір айтатын ондай қасиет жоқ. Сол себепті жанкүйерлердің дұрыс қарауын сұраймын. Әлі талай рет еліміздің әнұранын шырқататын мықты боксшылардың бірі», — дейді Мырзағали Айтжанов.

Аяғана ота жасалғанын спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Ота сәтті өтті. Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпес», — деп жазды ол.

Мырзағали Айтжановтың шәкірті туралы айтқан ойына желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.

«Жасы келді ғой, қашанғы сүйрей бересіз? Кейінгі халықаралық жарыстардың ешбірінен оры алмады», «Сәкен өзбектерден ұтыла береді. Оған демалу керек», «Баяғы әуен сол әуен. Қоя салу керек», «Шәкіртін тартып, сүйрелеп қоймады ғой», «Осындай боксшылар болады, үйде мықты, сыртта ештеңе істей алмайтын», — деп жазды олар.

Еске сала кетейік, аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Сәкен Бибосынов — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Токио олимпиадасының мен 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.