Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.
Солардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы).
Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы).
Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.