Бокстан Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай финалға шықты

Бокстан Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай финалға шықты

Қарағанды қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігінде финалға шыққан бірқатар боксшы анықталды.

  • 23 Желтоқсан
  • 4
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Енді ол финалда Жамбыл облысынан келген Нұрзат Оңғаровпен шеберлік байқасады.
Ал қыздар арасында қос дүркін әлем чемпионы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі) жартылай финалда Әнел Құдайбергенді (Жетісу облысы) тізе бүктірді. Оның финалдағы қарсыласы — Ақбота Болат (Қызылорда облысы).
Сондай-ақ қос дүркін Азия чемпионы және әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Алуа Балқыбекова (50 келі) жартылай финалда Гүлназ Бөрібаеваның (Қарағанды облысы) осал тұсын тапты. Енді ол финалда Гүлнар Тұрапбаймен (Қарағанды облысы) кездеседі.
Ел біріншілігінде қос дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Жайна Шекербекова (54 келі) да жартылай финалда Сымбат Әлиаскарды (Жамбыл облысы) жеңіп, финалда Элина Базаровамен (Шымкент) кездесетін болды.
Ел біріншілігінде 60 келіде Серік Теміржанов (Павлодар облысы) жартылай финалда Шыңғыс Мусиновтан (Ақмола облысы) басым түссе, енді ол финалда Талғат Сырымбетовпен (Қарағанды облысы) шеберлік байқасады.