2025 жылы декларацияны кімдер тапсыруға міндетті? - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2025 жылы декларацияны кімдер тапсыруға міндетті?

2025 жылы декларацияны кімдер тапсыруға міндетті?

2025 жылы декларацияны қанша адам тапсырады? Кімдер тапсыруға міндетті, ал кімдер босатылады? Жаңа заң жобасында қандай өзгеріс бар?

  • 25 Желтоқсан
  • 4
ФОТО: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл декларацияны 4 миллионан астам адам тапсырды

Үш кезең шеңберінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4 млн астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары кірді.

2025 жылы құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқа адамдар декларация тапсыруға тиіс еді. Бұл шамамен 8 млн азамат.

Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында елден тыс жерлерде активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылады, — дейді комитет.

Мұндай шешім неге қабылданды?

— Мемлекеттік органдардың деректерқоры цифрландырылды

— Қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі артты (86%)

— Автоматтандырылған салықтық бақылау орнатылды

— Қаржы шоттары бойынша деректер алмасатын халықаралық келісімдер бар

Жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін бүкіл цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер әзірленді, — делінген жауапта.

Қазір түзетулер Мемлекеттік органдармен келісілу сатысында тұр.

Ұсынылған заң жобасына сәйкес:

Активтер мен міндеттемелер туралы 250.00 СЕН декларациясын тапсыруға міндеттілер:

1) шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері;
2) жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
3) сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар;
4) банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін жеке тұлғалар үшін сақталады.

Ал Кірістер мен мүлік туралы 270.00 СЕН декларациясын мына азаматтар тапсыруға міндетті:

1) мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (оның ішінде квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары) және олардың жұбайлары;
2) банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;
3) коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) (АҚ-да қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 25% — дан жоғары және одан көп болса және олардың жұбайлары;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) шетелде мүлкі бар тұлғалар (240.00-нысан ұсыну тәртібіне ұқсас);
6) ДК табысын қоспағанда, дербес салық салынатын табыс алған тұлғалар;
7) шетелдік банктерде 1000 АЕК астам ақшасы бар тұлғалар;
8) ҚР-да және одан тыс жерлерде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлікті сатып алған тұлғалар үшін сақталады.