Алматыда тай боксы бойынша әлем чемпионы Әли Серік өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тай боксы бойынша әлем чемпионы Әли Серік өлтірілді

Алматыда тай боксы бойынша әлем чемпионы Әли Серік өлтірілді

Алматыда муай-тайдан әлем чемпионы кісі қолынан қаза тапты.

  • 25 Желтоқсан
  • 17
Фото: Спорт Шредингеров

Алматыда 20 жастағы тай боксы бойынша әлем чемпионы қаза тапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Спортшы Әли Серіктің қайтыс болғаны туралы «За нами уже выехали» телеграм-арнасы хабарлады.

Алматыда жас жігіттің өлтірілгені туралы ақпаратты полиция департаменті өкілдері растады, күдікті ұсталды.

«20 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша Наурызбай ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал шығып, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыс құралы тәркіленді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Әли Серік – кәсіби кикбоксшы, Сингапурдың танымал ONE Championship ұйымында өнер көрсеткен. Ол Алматыдағы Titan Fight Club командасының мүшесі болды.

2022 жылы небәрі 17 жасында ол Малайзияда өткен чемпионатта ересектер арасында (А класы) муай-тайдан әлемнің ең жас чемпионы атанды. 2023 жылы Бангкокта өткен ONE Friday Fights 16 турнирінде К-1 (кикбоксинг) ережесі бойынша кәсіби деңгейде дебют жасады.